jasqazaq.kz

Қазақстан мен Ресей Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын бекітті

24 желтоқсан 2024, 20:02

Еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимова Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.
Жоспарға театр фестивальдері, кино көрсетілімдері, конференциялар, көрмелер мен дөңгелек үстелдер сияқты түрлі мәдени іс-шаралар енгізілді.
Сонымен қатар, келесі жылы Ресейде Қазақстан мәдениет күндері өтеді.
«Жоспарға енгізілген мәдени іс-шаралар соғыс ардагерлері мен тыл еңбекшілерінің ерліктерін еске алуға бағытталған. Бірлескен бастамалар елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп сенемін», – деді Аида Балаева.

Кездесуде тараптар кинематография және архив ісі салаларындағы ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ музей ісі мен театр өнері бойынша шеберлік сабақтары мен біліктілікті арттыру курстарын өткізуге келісті.
JQ-Aqparat
Сурет: мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі