jasqazaq.kz

Қазақстан мен Өзбекстан арасында шешілмеген мәселе жоқ

09 қараша 2023, 12:57

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-шы саммитіне қатысу үшін Өзбекстанға келді.
Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлағандай, Әлихан Смайылов Ташкенттегі іс-шара қарсаңында сол елдің Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті.
Премьер-Министр ең алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізіп, бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынастар сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестіктің жарқын үлгісі екенін баса айтты.
Әлихан Смайылов атап өткендей, жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды іске асыру Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтерінің бақылауында болады.
Мұндағы басым бағыттардың бірі – екіжақты өзара іс-әрекеттердің берік әрі тұрақты экономикалық тұғырнамасын құру.


«Өзбекстан – Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Орталық Азиядағы барлық өңірлік сауданың шамамен 70 пайызы біздің елдерге тиесілі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 30 пайызға артып, алғаш рет 5 млрд долларға жетті.
Біз өзара сауданы 10 млрд долларға жеткізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз», —
деді Премьер-Министр.
Ол Қазақстан Үкіметі екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша Өзбекстанмен ынтымақтастықты серпінді дамытуға бар күш-жігерін салатынын айтты.
Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық, атап айтқанда сауда, көлік және су шаруашылығы саласындағы уағдаластықтар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
«Біз барлық мәселеде алға жылжып келеміз. Меніңше, шешілмеген мәселе жоқ. Сауда саласында Қазақстан Президентімен келіскен жобалар бізге жаңа белестерге жетуге көмектеседі», — деді Өзбекстан Президенті.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі