jasqazaq.kz

Қазақстан мен Кюрасао заңсыз ойын бизнесімен бірлесіп күреседі

11 сәуiр 2023, 16:12

 

Қазақстанда шетелдің атын жамылған заңсыз «офшорлық» онлайн ойынханалар қаптап кетті. Бұл салаға кері әсерін тигізіп отыр. Ендігі міндет, сол заңсыз қызметтің жолын кесу. Бірақ ол үшін бірлескен іс-қимыл қажет. Жақында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев пен Кюрасао аралының Қаржы министрі Хавьер Сильвания кездесіп, онлайн ойынхананың заңсыз қызметіне қарсы күрес мәселесін талқылады. Бұл Қазақстандағы букмекерлердің өзін-өзін реттеу ұйымының басшысы Ғалымжан Дуамбековтың қолдауымен ұйымдастырылды.

«Қазақстанда ойын саласы лицензияланған төрт түрге бөлінеді – бұл офлайн ойынхана, ойын автоматтары залдары, букмекерлер мен тотализаторлар. Қазақстандағы интернет ойынхана қызметіне заңмен тыйым салынған. Алайда соған қарамастан, қазіргі уақытта Қазақстан аумағында заңсыз қызмет жүргізетін көптеген интернет ойынханалар жұмыс істейді. Бұл ретте, кейбір интернет ойынханалар ел аумағында қолданылмайтын Кюрасао лицензиясына сілтеме жасайды», — деді Ержан Еркінбаев.

Х.Сильвания да заңды белшеден басқан компаниялардың әрекетіне көз жұмып қарап отыра алмайтынын жеткізді. Сол себепті сол заңсыз қызметпен күресу ортақ мәселе екенін атады. Тараптар Қазақстан аумағындағы онлайн ойынхананың заңсыз қызметіне қарсы күресті бірлесіп жүргізу туралы ортақ ұйғарымға келді. Қос тарап өзара түсіністік туралы меморандум әзірлеуге, бірлескен күресте ақпарат алмасуға мүдделі.  Көзбе-көз отырып кеңескен екі елдің өкілдері саладағы серіктестіктің жалғасарына сенім білдірді.

JQ-Aqparat

 

 

 

 

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура