jasqazaq.kz

Қазақстан мен Қатардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтері ынтымақтастықты кеңейтуде

26 маусым 2024, 19:01

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұрақты негізде халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс жүргізеді.
Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатарға жұмыс сапары барысында екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар белгіленді. Оның ішінде – жемқорлыққа қарсы бірлескен күрес жұмысы. Осы мақсатта екі тарап «Парасаттылық пен ашықтықты ілгерілету жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға» қол қойды. Оның аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қатардың Әкімшілік Бақылау және Ашықтық Басқармасы Жол картасына қол қою жоспарланды.
Ағымдағы жылдың 24 маусымында Қатардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының (Әкімшілік Бақылау және Ашықтық Басқармасы) басшысы Хамад Бин Насер Рашид Аль-Миснед мырза бастаған делегациясы Қазақстанға сапармен келді.
Іс-сапар аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағалидің Әкімшілік Бақылау және Ашықтық Басқармасының Президентімен екіжақты кездесуі өтті.
Іс-шара барысында тараптар екі елдің жемқорлыққа қарсы қызметтерінің жұмысы, мемлекеттік органдардың басым бағыттары туралы мәселелер кешенін талқылады, сондай-ақ өзара іс-қимыл жөніндегі Жол картасына қол қойды.


Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлықты жою, активтерді қайтару, бизнесті қорғау, құқықтық көмек көрсету, бюджет қаражаты мен сатып алудың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу бойынша жүйелі шараларды таныстырды.
Сонымен қатар Агенттік Төрағасы жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбие, әсіресе балалар мен жастар арасында, сондай-ақ цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға толығырақ тоқталды.


Сондай-ақ Алматы қаласының әкімдігінде кездесу өтті, онда әкім Ерболат Досаев Отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Бұл ретте бизнес алдында мемлекеттік органдар жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасқан үлкен жауапкершілікті арқалайды. Осы бағытта Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі белсенді рөл атқарады.
Аталған шарада Ұлттық банктің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, сондай-ақ Электрондық қаржы орталығының өкілдері цифрлық үкіметтің қызметі және мемлекеттік сатып алу жүйесін цифрландырудың ерекшеліктері туралы баяндама жасады.
Антикор Төрағасы А. Жұмағали Қатар басшылығын ағымдағы жылдың соңына жоспарланған БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының нормаларын жедел енгізу мақсатында Орталық Азия елдері үшін Өңірлік платформа Конференциясына қатысуға шақырды.
Өз кезегінде Қатардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысынан 2024 жылғы қарашада Қатарда өтетін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференцияға шақырту түсті.
Кездесу аясында Қатардан келген делегация өкілдері еліміздің мәдени және тарихи құндылықтарымен танысты.
Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар жемқорлықтың себептері мен салдарын неғұрлым тиімді талдау, ынтымақтастықты нығайту және екі елдің дамуы мақсатында тәжірибе алмасуды жалғастыруға келісті.

JQ-Aqparat

Суреттер: Antikor Телеграм-каналы

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі