jasqazaq.kz

Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық байланыс қашан орнады?

18 қантар 2024, 11:54

 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен және Премьер- Министрімен кездеседі. Қазақстан Президенті бұл елге ресми сапармен кеше барған болатын. Оны Рим әуежайынан Италияның қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини салтанатты түрде қарсы алды.

Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы шет елге алғашқы ресми сапарын Еуропадан бастап отыр.
Бұрынырақ хабарлағанымыздай, Қазақстан басшысы 18 қаңтарда Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-Министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.
Сондай-ақ Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланған.
Ал 19 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Ватиканға барып, Рим Папасы Францискпен кездеседі.
Жалпы Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы тамызда орнаған. Сол жылы қазан айында елімізде Италия Республикасының елшілігі ашылды. Елшілік 2005 жылы Астанаға көшірілді. Ал Италияда Қазақстан елшілігі 1996 жылы ашылды.


Сол кездерден бері екі ел арасында талай барыс-келіс, алыс-беріс болды.  Өткен жылдың 11 айында Қазақстан мен Италия арасындағы тауар айналымы 14,5 миллиард долларға жеткен.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде