jasqazaq.kz

Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени ынтымақтастық нығая түседі

04 қараша 2024, 23:04

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары қарсаңында Парижде еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Францияның мәдениет министрі Рашида Датимен кездесті. Кездесуде екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты кеңейту мәселесі талқыланды.
Министрлер мәдени қарым-қатынастардағы елеулі ілгерілеуді атап өтіп, екі ел президенттерінің өзара сапарларының бірлескен бастамаларға жаңа серпін беретінін айтты.
Кездесуде тараптар музейлер және мәдени мұра саласындағы ынтымақтастық ниеті туралы декларациясын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Гиме музейі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды қоса алғанда, бірқатар келісімдерге қол қойды.

Аида Балаева: «Қазақтың тарихи және мәдени мұрасын жаһандық гуманитарлық кеңістікке насихаттау және интеграциялау — мемлекеттің мәдени саясатындағы басымдықтардың бірі», — деп атап өтті.

Сондай-ақ ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықты күшейту және «Courants du Monde» бағдарламасы аясында қазақстандық мамандарға арналған тағылымдамалар ұйымдастыру ұсынылды.
«Президент Тоқаевтың Францияға бұл мемлекеттік сапары мәдениетке қатысты көптеген мәселелерді қамтитынына қуаныштымын. Бүгін біз бірнеше меморандумға қол қоямыз. Бұл арадағы тығыз ынтымақтастықты көрсетеді. Сонымен қатар, Гиме музейінде Қазақстанның ұлттық көрмесінің ұйымдастырылуы – біздің қарым-қатынастарымыздың нақтылығы мен тиімділігінің дәлелі», – деді Францияның мәдениет министрі Рашида Дати.

Аида Балаева арада жасалған келісімдер мәдени байланыстардың одан әрі тереңдей түсуіне ықпал етіп, Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастарды нығайтатын жаңа бірлескен жобаларға негіз болатынына сенім білдірді.

JQ-Aqparat

Сурет: мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі