jasqazaq.kz

Қазақстан мен Әзербайжан әскерилері “Алтын қыран-2024″ оқу-жаттығуының белсенді кезеңін өткізді

26 тамыз 2024, 10:39

Жетісу облысының «Көктал» полигонында «Алтын қыран-2024» халықаралық тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы аяқталды. Белсенді кезең барысында қазақстандық десантшылар мен Әзербайжан армиясының әскери қызметшілерінен құралған біріккен жасақ заңсыз қарулы құралымның автомобиль техникасының легіне тосқауыл ұйымдастырды.

Іс-қимылдың практикалық кезеңін Қазақстан мен Әзербайжан қарулы күштері бас штабтарының бастықтары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов пен генерал-полковник Керім Велиев қадағалады.

Екі ел қарулы күштері басшылығының назары барлау жасақтарының әрекеттеріне, басып алу және атыспен қамтамасыз ету топтарына және ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы барлау дерегін алу алгоритміне аударылды.

Оқу-жаттығу барысында контингенттерді үйлестіру жоғары деңгейге жетті. Біріккен барлау жасағының командирі қарсылас өтеді деген барлық бағыттарды талдап, автомобиль көлігі жүруі қиын болатын аймақты таңдап, атыс нүктелерінің орналасуы мен оларды жасыру мәселелерін пысықтады. Қабылданған шешімдердің дұрыстығы ұйымдасқан тосқауылдың тиімді және тапсырманың нақты орындалуын қамтамасыз етті.

– «Алтын қыран-2024» халықаралық тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы таулы-шөлді жерлерде арнайы барлау іс-қимылдарын көрсетумен аяқталды. Біз командалық құрамның даярлығының, әскери қызметшілердің дене дайындығының, екі елдің контингенті арасындағы өзара іс-қимыл деңгейінің жоғары екеніне көз жеткіздік. Бөлімше командирлері өте қысқа мерзімде біртұтас организм ретінде әрекет еткен жеке құрамның үйлесімділігіне қол жеткізді. Бұған оқу-жаттығудың барлық кезеңінде қазақстандық және әзербайжандық әскери қызметшілермен қатар міндеттерді атқарған біріккен жасақтардың арқасында қол жеткізілді, – деп атап өтті оқу-жаттығу жетекшісі Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев.

Белсенді кезеңнен кейін бірден оқу-жаттығудың жабылу салтанаты өтті, онда ерекше көзге түскен әскери қызметшілер екі елдің әскери контингенттері қолбасшылығының алғыс хаттарымен марапатталды.

Бүгін, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
Бүгін, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
Бүгін, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
Бүгін, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
Бүгін, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
Бүгін, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
Бүгін, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
Бүгін, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство
Бүгін, 13:15
Астана іргесінде 4 туысын өлтірген күдіктіден реактивті психоз анықталды