jasqazaq.kz

Қазақстан ІІМ Интерполы Камбоджаға жұмысқа орналасуға барған қызды еңбек құлдығына түсу қаупінен құтқарды

04 шiлде 2025, 9:13

Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің Интерполы еліміздің азаматын еңбек құлдығына түсу қаупінен құтқарды, деп хабарлайды jasqazaq.kz. ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық қыз Камбоджа Корольдігіне қонақүй әкімшісі лауазымына жұмысқа орналасу мақсатында ұшып барған. Алайда шет елге келгеннен кейін бұл ұсыныстың артында басқа нәрсе тұрғаны белгілі болды. Ол еңбек құлдығына тартылу қаупіне тап болған. Бұл оқиғаға жедел ден қойған Қазақстан ІІМ Интерполы Камбоджадағы Интерполдың Ұлттық орталық бюросына және Интерпол Бас хатшылығының адам саудасына қарсы күрес тобына ресми сұраныстар жолдады.

Шетелдік әріптестермен үйлесімді әрекет пен жедел байланыс нәтижесінде қыз дер кезінде құтқарылып, аман-есен елге қайтарылды. Қазіргі уақытта қазақстандық аруды шетелге жұмысқа орналастыру ұсынысымен алдап, заңсыз еңбекке тартуға әрекеттенген адамдарды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Олар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылатын болады. Бұл оқиға адам саудасымен күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін көрсетті.

Сурет: Polisia.kz

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы