jasqazaq.kz

Қазақстан — Германияның басты 50 экономикалық серіктесінің бірі

20 маусым 2023, 15:16

Қазақстан мен Германия президенттері кеңейтілген келіссөз жүргізгеннен кейін БАҚ өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде былай деді:
«Маңғыстаудағы жасыл сутегін өндіруге арналған бірлескен жобаның маңызы зор. Немістің озық технологиясы мен тәжірибесі негізінде кәсіби мамандар дайындау қажет. Осы ретте Ақтауда Қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады;
Елімізде неміс ұлтының 226 мың өкілі өмір сүреді. Олар Қазақстанды өркендетуге елеулі үлес қосып келеді. Германияда 1 миллионнан астам  бұрынғы отандастарымыз тұрады;

Германияның Орталық Азия елдерімен алыс-берісінің 83 пайызы біздің елге тиесілі. Былтыр екіжақты сауда-саттық шамамен 10 миллиард доллар болды. Қазақстан Германияның басты 50 экономикалық серіктесінің қатарына кіреді;
Қазақстан Германия экономикасын энергиямен және қажетті шикізатпен тұрақты қамтамасыз ете алады. Германия тарапының өтініші бойынша Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына Қазақстан мұнайын жөнелту – соның нақты мысалы;
Бүгінде «Орта дәліз» деп аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы артып келеді. Орта дәліздің негізгі бөлігі Маңғыстау облысы арқылы өтеді;

Қазір Еуропа Одағында «Global Gateway» стратегиясы жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында қолға алынған бастамаларға Қазақстан жобаларын енгізу мәселесін талқыладық».

Өз кезегінде Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

«Сіз Германия мен Қазақстан арасындағы ұзақмерзімді қарым-қатынас жөнінде айттыңыз. Шын мәнінде, біздің байланыстарымыз берік. Былтыр екі елдің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толды. Осы уақыт аралығында ынтымақтастығымыз нығая түсті. Бұған Қазақстанда өмір сүретін неміс диаспорасы және Германия Федеративті Республикасына Қазақстаннан көшіп келген бір миллионға жуық немістер үлес қосты. Олар елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты жандандырды. Осы сапар арқылы екі ел арасындағы жан-жақты байланыстарға қатысты ұстанымдарымыз ортақ екенін жеткізгім келеді. Өзіңіз атап өткендей, қазіргі күрделі халықаралық жағдайда Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен серіктестікті кеңейтіп, қарым-қатынасымызды нығайтуды көздеп отырмыз», –  деді Франк-Вальтер Штайнмайер.

JQ-Aqparat

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее