jasqazaq.kz

Қазақстан делегациясы ЕАТ-тың Үндістанда өткен Пленарлық отырысына қатысты

30 қараша 2024, 16:13

 

Биылғы жылдың 29 қарашасында Индаур қаласында Топтың құрылғанына 20 жыл толуына арналған ЕАТ-тың 41-Пленарлық отырысының қорытындылары шығарылды.
Қазақстан делегациясы АЖ/ТҚҚ саласындағы қаржылық технологиялар инновациялары бойынша, сондай-ақ заңды тұлғалардың ақшаны жылыстатуға қатысу тәуекелдерін бағалау жөніндегі семинарларға қатысты.
Оқыту іс-шараларына қатысу жаңа технологиялық құралдарды қолдану арқылы АЖ/ТҚҚ фактілерін анықтау және ұйымдарға ақшаны жылыстатудың ықтимал қатерлеріне терең тексеру жүргізу бойынша алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені зерттеуге мүмкіндік берді.


Пленарлық отырыс аясында Ресей, Қытай, Үндістан және БАӘ делегацияларымен екіжақты кездесулер өтті.
Ынтымақтастықты кеңейту бойынша келесідей мәселелерде келісімдерге қол жеткізілді:
— кибералаяқтықпен, терроризмді қаржыландырумен және экономикалық қылмыстармен күресу;
— жасанды интеллектті енгізу, «үлкен деректерді» өңдеу және бизнес-процестерді автоматтандыру бойынша тәжірибе алмасу.
Пленарлық отырыстың қорытындылары бойынша:
— Үндістанның «ақшаны жылыстатуға қарсы» жүйесінің өзара бағалау туралы есебі бекітілді;
— Тәжікстанның АЖ/ТҚҚ жүйесінің прогресі туралы есеп қаралды;
— 2024 жылға ЕАТ мүше-мемлекеттеріндегі терроризмді қаржыландыру және ақшаны жылыстатудың тәуекелдері бойынша жедел ахуалға шолу жасалды;
— Біріккен Араб Әмірліктері бақылаушы мемлекет мәртебесін алды.
Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстанның экономикалық және қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.

ҚМА баспасөз қызметі

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді