jasqazaq.kz

Қазақша бизнес форум

22 қазан 2024, 14:57

Бәріне ортақ журналистика

«Бәріне ортақ журналистика» — Jas Qazaq пен Chevron компаниясының бірлескен жобасы. Жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз және тележурналистика бойынша дәріс алып, тәжірибесін шыңдап жатыр. Курсқа қатысушы Айдос Байғалиев Алматы қаласында өткен бизнес форумға қатысып, іс-шара туралы ақпарат дайындады.

Бизнесті қазақша жүргізетіндер құпиясымен бөлісті. Алматыда 400-ге тарта кәсіпкердің басын қосқан Sana business forum өтті. Оған қатысушылар табысқа жету құпиясымен бөлісіп, өзара пікір алмасты. Sana business forum — кәсібін жаңа деңгейге көтергісі келетіндер үшін таптырмас мүмкіндік. Мұнда бизнес саласындағы жаңа трендтер мен кездесетін қиындықтар тек мемлекеттік тілде талқыланды. Кәсіпте табысқа жеткен спикерлер сын сағатта тығырықтан шығу жолдарын көрсетті. Еліміздің түкпір-түкпірінде, сондай-ақ шетелде табысты жұмыс істеп жатқан бизнесмендер «Даму. Инновация. Серпіліс» блоктарында баяндама жасап, өз білгендерін басқаларға үйретті. Ауқымды шара биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.

«Форумның негізгі мақсаты – қазақтың іскерлік ортасын қалыптастыру, ұлттық буржуазияны құру. Өйткені орта тап өкілдері мықты болса, онда ел іргесі де мықты болады. Ол елдің экономикалық өсімі де жылдамдайды. Іскерлік орта — экономиканың негізгі күре тамыры», -деді Sana business forum ұйымдастырушысы Мақсат Халық.

Айдос Байғалиев,
Алматы
Суретті түсірген автор

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық