jasqazaq.kz

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ШЫҒЫС ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ҮЛЕСІ ШАМАМЕН 90%-ДАН АСТЫ

13 қазан 2023, 10:16

Нұрбек Пұсырманов, Мемлекет тарихы институтының директоры:

Кешеден бері елімізде бірқатар ауқымды жобалар жалпыұлттық бірегейлігімізді байыта түсті. Соның бірі — Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының ХХІ отырысы болса, бірегейі — Отандастар форумы. Ал бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлын (Rauan Kenzhekhan) қабылдады. Осы үш оқиға ұлт ретінде ұйыстыратын құндылықтарымызды бейнелейтін жасампаздықтың жарқын үлгісі болып табылады.
Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруда қоғамды алға жетелейтін құндылықтар түрленетінін ескерсек, бүгінгі адал азаматтарымыз ХХІ ғасырда ұлтымыздың өркендеуіне үлес қосуды басты қасиетке айналдыруы тиіс. Сонда ұлтымызбен бірге мемлекеттік тіліміз де жаңғырып, қазақ тілі ғылымның, техниканың, бизнестің тіліне айналуына толық мүмкіндік бар.
Қазақстандық қоғам басқа тілдер мен мәдениетті жақсырақ түсінеді. Өйткені оның тарихындағы дала демократиясының өзегі адам факторына байланған. Осыған орай, ел ішінде “адам емес пе?”, “адамшылық”, “адам бол” дегендей сөз тіректері кеңінен орныққан. Сырттан келген адамды да алаламай, тіл табу, өзара түсіну мәдениеті жоғары қалыптасқан. Тәуелсіз еліміздің мемлекеттілік принциптерін бекіткен Мемлекеттік Егемендік туралы Декларациясы да елдікпен бірге адамның да егемендігіне баса мән берген. Оны “Республика” күні ретінде атап өтуімізден-ақ ұғынуға болады. Республика сөзі “қоғамдық іс, мемлекеттік іс немесе азаматтардың заң шеңберінде қатысуын білдіретін ұғым. Демек, қоғамдық іске жұмылу алдымен жауапкершілік мәдениеттен туындайды.
Бүгін міне, құқықтық ұлттық дерекқор мемлекеттік тілде молая түсті. Бұл, өз кезегінде жаһандық қауымдастықтың бір бөлігі ретінде бір-бірімізбен сөйлесу әлеуетімізді арттыруымызға жол ашады. Оның үстіне, мемлекеттік тіл арқылы көптілді әлемге қатысу үшін басқа тілдерді де үйрену экономикалық өсуге, мәдени дипломатияға, болашақ ұрпақтың өнімділігіне оң ықпал етеді. Осы ретте Президент кездесуде “балаларға арналған анимациялық туындылар шығарудың, көпшілікке арналған кино өнімдері мен ғылыми-танымдық әдебиеттер қорын молайтудың, әлеуметтік желілерде ағартушылық бағыттағы арналар ашудың маңыздылығына” назар аударды.

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры