jasqazaq.kz

Қазақ елінің біртұтастығы мен аумағының бөлінбейтіндігі, оған қол сұғылмаушылығы туралы норма сол күйінде қалады

30 қантар, 10:03

Айтпаса, сөздің атасы өледі. Қазіргі қоғам сергек, қалғымайды. Кешегі Конституциялық комиссия отырысында айтылған әңгімені айтамын.
«Жекелеген аумақтарға арнайы құқықтық режим енгізіледі» деген сөз айтылды. Мұны Астана Халықаралық университетінің профессоры Исидор Борчашвили қозғаған. Оны әрі қарай көпшілік жан-жақтан бөлісіп, жалғастырып әкетті. Біреулер «ел бөлінейін» деп жатыр деп түсінді. Өзгелері «ерекше аймақ» дегенді мүлде басқа мағынада қабылдады. Дұрыс, анықтап түсіндірмеген соң, «мынау тағы не пәле?» демеске, не шара?! Енді жұрттың бәрі бірдей заңгер емес қой.
Борчашвили «арнайы режим Қазақстанның құқықтық кеңістігінің бірлігін қамтамасыз етеді» деді. Алайда құқықтық тілмен айтылған ой қоғамға дәл сол күйінде жетпеді. Сөзге қалды. Себебі, тәптіштеп түсіндіру жағы жетпеді.
Содан әдеттегідей, біз сияқты әлеуметтік желінің белсенділері іске кірісті. Пікір көбейді. Дабыл күшейді. Күмән артты.
Бүгін сол күмәнге Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның отырысында нүкте қойылды. Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бакыт Нурмуханов әңгімені қарапайым тілмен әдемілеп, әдіптеп түсіндіріп берді. Айтылған ұсыныс, «аумақты бөлу» де, «мәртебе беру» де емес. Тек экономикалық даму үшін қолданылатын құқықтық тетік екенін жеткізді. Астана халықаралық қаржы орталығы, Алатау қаласы, негізгі әңгіме осы жайында деп отыр. Бәсе, деймін. Кеше өзім де көп ізденіп, порталдарды ақтарып шыққанмын…
Ең бастысы, Қазақ елінің біртұтастығы мен аумағының бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма сол күйінде қалады. Ештеңе өзгермейді. Дәл осы мәселеде екіұшты, дүдамал түсінік болмауы керек.
Осы тұста тағы бір нәрсеге анық көзім жетті. Бұрын мұндай әңгімелер жабық кабинетте не сол айтылған жерде қалатын. Бүгінде қоғамда сұрақ туса, оған ашық жауап беруге тырысып жатыр. Қауесетке кешіктірмей, нақты түсіндірме беруді дұрыс деп есептеймін.
Қоғамның тарапынан болған түсінбеушілік жағдай қалыпты. Маңыздысы, сол қоғамның пікірін елеп-ескеріп, дер кезінде жауап берсе, байбалам да болмайтыны анық. Осы жағдай соның бір мысалы болса керек.
Алмат Әбдіраман

Facebook парақшасынан

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта