jasqazaq.kz

Қазақ әншілері Меладзеге ән айтқызбай қойды (Видео)

20 қантар 2024, 22:19

Белгілі продюсер, актриса Баян Алагөзова кеше Алматыда 50 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті. Әрине, оған танымал адамдар көп жиналған. Тіпті шет елдерден қонақтар келген.

Солардың бірі – ресейлік әнші Валерий Меладзе сахнаға шығып, ән салғанда қызық жағдай болады. Сол сәттің видеосын әнші Айқын Төлепберген Instagram-дағы парақшасына салыпты.
«Меладзенің соңғы айтқан әніне сахнаға (мен бастап) бәріміз шығып алдық», – деп жазған Айқын.
Осы кезде Меладзе «Красиво» әнін айтып тұрған еді. Өзіне ортадан қосылып кеткендерден шаршады ма, әйтеуір, ол қолындағы микрофонды Сәкен Майғазиевке ұстатып, өзі артқа шегіне қойды. Қазақ әншілері, әсіресе Сәкен «Красивоны» Меладзеден кем орындамаған сияқты. Ол тіпті «әдемііі» деп қазақшаны қосып жібергенде, соған риза болды ма, Меладзе оның қасына жақындап, құлағын түре қойды. Ал «Это сердце мое» деген жерін Майғазиев табан астынан «Бұл менің жүрегім» деп қазақшалап жібергенде ресейлік әнші одан сайын еліте түсті.
Әрине, сондай жарасымды көрініс. Бірақ видеоға пікір жазғандардың арасында бұл жағдайға риза еместер де табылған.
«Ақымақ қазақтар бір орыс келіп еді, жабайы сияқты болып тұрсыңдар», «Меладзенің дауысына жету қайдан! Сәкен аға ғана айта алды», «Канделаки үшін бір шапалақ беріп жібермедің бе?», «Өздерің айтатын болсаңдар неменеге шақырдыңдар? Әдемі ән быт-шыт болды!», «Меладзе мыналар не маңырап тұр демесе болар», «Миын ашытып жіберген сияқтысыңдар ғой Меладзенің» дейді желі қолданушылары.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

Оразәлі Баймұрат

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі