jasqazaq.kz

«Қазақ әдебиеті» газетіне — 90 жыл!

10 қантар 2024, 13:29

Бүгін еліміздің әдебиет, мәдениет және өнер басылымы «Қазақ әдебиеті» газетінің шыға бастағанына 90 жыл толды. Газет әр апта сайын, жұма күні шығады.

«Қазақ әдебиеті» газетінің алғашқы саны 1934 жылы 10 қаңтарда жарық көрген. Газеттің алғашқы санында «Қазақ әдебиеті» — ұлт мәдениетін көтеруде үлкен орын алсын» деген сөз беташар ретінде үлкен әріптермен терілді. Алғашқы санынан-ақ газеттің мақсаты осылай айқындалды. Алғашқы бас редактор — Ғабит Мүсірепов, жауапты хатшы — Мұхамеджан Қаратаев болды.
Газет алғашқы жылдары белгілі бір жүйемен жарық көрмесе де өз оқырманын рухани дүниемен сусындатты. Оған дәлел – газеттің таралымы 1934 жылы 1-3 мың көлемінде болса, 1935 жылы 3500-ге жетуі. Десе де, 1940-1954 жылдары газеттің шығуы белгісіз себептермен тоқтап қалды. 15 жылдық үзілістен кейін 1955 жылдың қаңтар айында қайта шыға бастады. Қайта жарық көрген басылымның бас редакторы Сырбай Мәуленов болды. Осы жылдан бастап газет бір жүйеге түсіп, өзіндік жолын қалыптастырды.
Қазақ әдебиетін дамыту жөніндегі жемісті жұмысы үшін басылым 1984 жылы, өзінің 50 жылдық мерейтойында «Халықтар достығы» орденімен марапатталған.
Мәдениет және ақпарат министрлігі Фейсбук парақшасында ұлт басылымын мерейтойымен құттықтады. Жазбада:
«Қазақ әдебиеті» — ұлтымыздың рухани айнасы, еліміздің әдеби һәм мәдени өмірін жан-жақты қамтитын басылым. Апталық өнер сүйгіш оқырман қауымның эстетикалық талғамын тәрбиелеуде елеулі рөл атқарды.
«Қазақ әдебиеті» газетінің ұжымына, барлық журналистерге шығармашылық шабыт, еңбектеріне табыс тілейміз! Қазақстанның өркендеуі жолында қаламдарыңыз мұқалмай қызмет үшін алғысымызды білдіреміз», — делінген.
Jas Qazaq ұжымы да «Қазақ әдебиетінің» бас редакторы Дәурен Қуат пен газет қызметкерлерін шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді.
Ұлт басылымы оқырманын қуантып әрмен қарай шыға берсін!

JQ-Aqparat

Бүгін, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
Бүгін, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
Бүгін, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды