jasqazaq.kz

«Қатты ренжігенім бар»: Шаһизада жігітім деп таныстырған азаматтың әйелі көпшілікке өз шындығын айтты

19 мамыр 2023, 11:19

Биылғы жылы отандық әнші Шаһизада көпшілікке жігітім деп таныстырған азамат Ерболат Ержанбаев кеше мұның бәрі хайп екенін айтқан болатын. Жас әншінің жұбайы Мереке отандық бағдарламада өз шындығын айтты.

«Мен білім саласында жұмыс істеймін. Ағылшын пәнінің мұғалімімін және психолог болып қызмет атқарамын. Желіні шулатқан оқиғаны жолдасымның өзінен білдім. «Сен жақсы түсін, түсінбей қалма» деп алдын ала өзі айтты. Алланың берген үш ұлын тәрбиелеп отырмыз.Үлкеніміз биыл мүшел жасқа кіреді. Екіншісі 12 жаста, кішісі 7 жаста. Бір аптадан кейін ұлым әлеуметтік желіге тараған хайп суретті әкеліп, «Мынау біздің әкеміз бе» деп сұрады. Балалардың жүрегі басқаша болады. «Сенің әкең бе» деп сұраған ғой баламнан қатарластары. Сол кезде қатты ренжігенім бар. Әкесі күнде үйде болғаннан кейін, балалар қатты қабылдамады. Үлкен ұлдың не болса да, ішінде болды. Арасында «Анашым, сенде бәрі дұрыс па» деп сұрап қояды», — деп жан сырын ақтарды әншінің жұбайы. Сонымен қатар Ерболат Ержанбаевтың жұбайы әнші Шаһизаданы да жақсы танитынын атап өтті. «Ерболат Шаһизада әпкені үш жыл бұрын таныстырған. Ол әпкені жақсы танимыз. Мен негізі адам баласы туралы жаман ойламаймын. Ол кісіні қалай бар, солай қабылдадым», — деді Ерболат Ержанбаевтың жұбайы Мереке.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде