jasqazaq.kz

Қатар экономикалық форумында ірі компаниялармен келіссөздер жүргізіледі

23 мамыр 2023, 14:39

Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Доха қаласында өтіп жатқан үшінші Қатар экономикалық форумына қатысуда.

Биылғы іс-шара жаһандық экономикалық өсудің жаңа мүмкіндіктеріне арналды. Атап айтқанда, дамушы нарықтарға инвестиция салу, жаңа энергетикаға көшу, сауда мен жұмысқа жасанды интеллектіні, блокчейн және басқа да технологияларды енгізу сияқты мәселелерді талқылау жоспарланып отыр.

Форумға шет мемлекеттер мен үкіметтердің, әлемдік ірі корпорациялардың басшылары, жаһандық инвесторлар, сондай-ақ тікелей инвестициялар саласындағы жетекші сарапшылар мен танымал журналистер қатысып жатыр.

Іс-шара аясында Әлихан Смайылов Қатар Әмірі шейх Тәмим бин Хамад Әл Тәнимен және Премьер-Министр – сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдурахман Әл Тәнимен кездесулер өткізеді деп күтілуде. Сонымен қатар ірі компаниялар мен қаржы ұйымдарының басшыларымен келіссөздер жоспарланған.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі