jasqazaq.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев: Рождество адамзатты жасампаз әрі мейірімді болуға үндейді

07 қантар 2024, 9:57

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады. 

Aqorda.resmi Телеграм-каналы жариялаған құттықтауда:
«Қазақстанның барша православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!
Бұл мейрамда жоғары адамгершілік қасиеттер кеңінен дәріптеледі, ізгілік пен әділдікті орнықтыра түсуге баса мән беріледі. Рождество адамзатты жасампаз әрі мейірімді болуға, жақындарына қамқорлық танытуға және мұқтаж адамдарға қол ұшын созуға үндейді, осы дінге сенетін жандарға үміт пен қуаныш сыйлайды.
Басқа дәстүрлі діндер секілді православие де мызғымас рухани құндылықтарды орнықтыру, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру және халқымыздың сан қырлы тарихи-мәдени мұрасын сақтау жолында маңызды рөл атқарады. Православие еліміздің дәйекті дамуына қажетті басты шарттың бірі – жалпыұлттық бірлігімізді нығайтуға да ықпал етеді.
Православиені ұстанатын азаматтарымыз Әділетті Қазақстанды құруға және еңбекқорлыққа, білімпаздыққа, отаншылдыққа, тілектестікке, өзара жауапкершілікке негізделген жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға елеулі үлес қосады деп сенемін.
Баршаңызға зор денсаулық және бақ-береке тілеймін!» — деп жазылған.
JQ-Aqparat

Сурет: Aqorda.kz

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі