jasqazaq.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев: Отандық БАҚ-тың халықаралық деңгейде белсенді болатын кезі келді

27 маусым 2023, 14:46
Фото: liter.kz

Фото: liter.kz

Аталған міндетті іске асыру үшін жаңа медиа менеджмент, шетелден ақпарат тарататын білікті журналистер, тың технология және сапалы инфрақұрылым қажет деді мемлекет басшысы.

Президенттің сөзінше, бүгінде Қазақстан Орталық Азия аймағында көшбасшы мемлекетке айналды. Біз көптеген салалар бойынша алда келеміз.

«Бірақ тоқмейілсіп отыруға болмайды. Біз бір ел болып табанды еңбек етуіміз керек. Қазақстан озық елдермен қатар тұратын бәсекеге қабілетті мемлекетке айналуы қажет. Осы міндетті жүзеге асыру жолында сіздердің, яғни журналистердің рөлі айрықша. Медиамамандары халыққа шынайы ақпарат беріп, еліміздегі ахуалды азаматтарға жан-жақты түсіндіріп отыруы керек. Бұл – аса маңызды міндет. Қазір отандық ақпарат құралдарының халықаралық деңгейде белсенділік танытатын кезі келді. Аталған міндетті іске асыру үшін жаңа медиа менеджмент, шетелден ақпарат тарататын білікті журналистер, тың технология және сапалы инфрақұрылым қажет. Бұл – уақыт талабы. Оны орындауымыз шарт. Осы ретте әлемдік медиа корпорациялардың оң тәжірибесін ескерген жөн», — деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы халқымыздың «Кемедегінің жаны бір» деген сөзін мысалға келтірді. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ.

«Еліміздің өсіп-өркендеуі тек үкіметке немесе жалпы билікке байланысты емес. Мемлекетіміздің дамуына әр азаматтың үлес қосуы аса маңызды. Бұл – өте қарапайым әрі өзекті формула. Сондықтан тілші қауымның да, қатардағы азаматтың да, Президенттің де мақсаты – ортақ, мүддесі – бір деп ойлаймын. Бұл – тәуелсіздігімізді нығайту, елімізді көркейту. Осы міндетті жүзеге асыру үшін елімізге адал еңбек ету – парыз», — деді президент.

JQ-Aqparat

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее