jasqazaq.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан барлық қақтығыстың бейбіт жолмен шешілуін жақтайды

04 сәуiр 2025, 12:23

Бүгін Өзбекстанның Самарқан қаласында «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Aqorda_resmi жазғандай, саммитте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды.
Мемлекет басшысы Қазақстан ЕО нарығына жалпы құны 2 миллиард доллардан асатын 175 тауар түрінің экспортын ұлғайтуға дайын екенін атап көрсетті.
Еуропа Одағы шетелден импорттайтын мұнайдың 13 пайызға жуығы біздің елімізге тиесілі. Оның басым бөлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы тасымалданады.
Еуропа Одағы аталған консорциумның тұрақты әрі ұзақ мерзімді жұмыс істеуіне қолдау білдіріп отыр. Қазақстан мұны жоғары бағалайды және шикізат тасымалдаудың балама жолдарын да дамытады.
Мемлекет басшысы энергетика және тасымал саласына да тоқталды: «Total, Eni, Svevind секілді бұрыннан келе жатқан серіктестерімізбен және басқа да еуропалық компаниялармен жаңартылатын энергия көздері және «жасыл» сутегі өндірісі жобалары қолға алынды. Қазақстан Өзбекстан және Әзербайжанмен бірлесіп, «жасыл» энергияны Каспий теңізі арқылы Еуропа нарығына жеткізетін электр желісін салу бойынша ірі жобаны бастады.
Қазақстанда Еуропа Одағы экономикасына қажетті 34 шикізаттың 19 түрі өндіріледі. Оның қатарында уран, титан, мыс, литий, кобальт, вольфрам және басқа да көптеген элементтер бар.
Еліміз ЕҚДБ банкімен арадағы келісім бойынша геологиялық барлау саласында бірлескен жобаларды іске асырып, кен игерудің озық тәжірибесін енгізіп жатыр.
Былтыр Транскаспий халықаралық көлік дәлізімен контейнер арқылы тасымалданған жүк көлемі 62 пайызға артып, 4,5 миллион тоннаны құраған. Мақсат – 2027 жылға қарай бұл көрсеткішті 10 миллион тоннаға дейін жеткізу.
Қазақстан әлемдегі ядролық отынның 40 пайызға жуығын қамтамасыз ету арқылы таза энергия өндірісінде маңызды рөл атқарады».
Қасым-Эомарт Тоқаев технология және инновация саласындағы жетістіктер туралы айтып өтті. Жыл басында Қазақстанда Президент жанындағы Жасанды интеллект бойынша халықаралық консультативтік кеңестің негізі қаланды.
100 мың жоғары білікті IT-маман даярлауды көздейтін ауқымды бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.
Астанада AlemАi жоғары технологиялар орталығы құрылуда.
Президент Astana Hub базасында «Орталық Азия – Еуропа Одағы» инновациялық кампусын ашуды ұсынды.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Сирек кездесетін металдарды зерттейтін аймақтық орталық құруды ұсынды.
Жасанды интеллект, су ресурстарын басқару, биотехнология секілді маңызды салаларда маман даярлауға ерекше басымдық беретін «Орталық Азияға арналған Erasmus+» бағдарламасын әзірлеу жөнінде бастама көтерілді.
Мемлекет басшысы халықаралық саясат және қауіпсіздік мәселесі бойынша өз ұстанымын ашып айтты:
* Жаһандық тұрақсыздық жағдайында әлемде болып жатқан күрделі оқиғаларға баға беруде барынша ұстамдылық пен жауапкершілік таныту керек;
* Барлық елді БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық қағидаларын мүлтіксіз сақтау үшін барынша күш-жігер жұмылдыруға, сондай-ақ Бас хатшы Антониу Гутерриштің қызметіне қолдау білдіруге үндеді.
* БҰҰ-ның құрылғанына 80 жыл толған сәтте мұның өзектілігі арта түседі.
* Қазақстан кез келген қақтығыстың бейбіт жолмен шешілуін жақтайды. Сондықтан Украинаға қатысты келіссөздердің басталуын құптайды. Мәселенің күрделі екеніне қарамастан, шиеленістің оң шешімін табатынына сенім артады.

JQ-Aqparat
Сурет: aqorda_resmi

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры