jasqazaq.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев: Еріктілерді барынша қолдаймын

21 маусым 2023, 11:47

Қазақстанда еріктілер қызметі жан-жақты дамып келе жатыр. Бұл туралы Халықаралық волонтерлер форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Бүгінгі форумға еліміздің әр түкпірінен және шет елдерден еріктілер арнайы келіп отыр. Халықаралық ұйымдардың өкілдері, мәртебелі меймандар қатысып отыр. Бәріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Кешеден бері өзекті мәселелер талқыланды. Жиынға қатысушылар ой-пікірлерін ортаға салды, ұтымды ұсыныстар айтты. Тиімді жобаларын таныстырып, тәжірибе бөлісті. Мұның бәрі игі істерді жалғастыруға зор мүмкіндік береді», — деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанда еріктілер қызметі жан-жақты дамып келе жатқанын баса айтты.

«Бұған мемлекет тарапынан қажетті жағдай жасалып жатыр. Мен өзім еріктілерді барынша қолдаймын. Сіздердің табанды жұмыстарыңызды жоғары бағалаймын. Осы саладағы барлық бастамаларды қолдаймын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

JQ-Aqparat

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее