jasqazaq.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев: Еліміз шешуші кезеңге жақындап қалды (Видео)

06 ақпан 2024, 16:02

Еліміз өте маңызды, тіпті шешуші кезеңге жақындап қалды. Бұл туралы Мәжілісті жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Ең алдымен баршаңызға ризашылығымды, рақметімді айтқым келеді. Сіздер жоғары саяси және азаматтық жауапкершілікті көрсеттіңіздер. Расында еліміз өте маңызды, тіпті шешуші кезеңге жақындап қалды. Мәселен, „таяу келешекте Қазақстан қандай мемлекет болады, оның аймақтық және әлемдік қоғамдастықта атқаратын рөлі қандай болмақ?“ деген аса маңызды сұрақтар тұр. Қазіргі бәсекеге толы, түрлі жанжалға ұшыраған тұрақсыз, бұлыңғыр әлемде Қазақстан күшті, болашағына сеніммен қарайтын ел болуы керек. Оның бәрін қамтамасыз ету — бәріміздің ортақ міндетіміз, парызымыз деп айтуға болады. Бұл мәселе бойынша Үкіметтің атқаратын рөлі ерекше», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент жаңа тағайындалған Премьер-Министр Олжас Абайұлы Бектеновті жаңа лауазымымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.

«Мен Президент ретінде депутаттардың жұмысын мұқият қадағалап отырмын. Шындықты айтамын, Мәжіліске ризамын. Шын мәнінде ауқымды, маңызды жұмысты, ең алдымен халық үшін қажетті жұмысты абыроймен атқарып отырсыздар. Сондықтан баршаңызға ризашылығымды білдіремін», — деді Мемлекет басшысы.

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі