jasqazaq.kz

Қаскелеңде студент қыз соққыға жығылды (Видео)

30 сәуiр 2025, 8:54

Әлеуметтік желіде бір топ қыздың қатарласын жабылып ұрып жатқан бейнежазба тарады. 24 сәуірде болған оқиғаның видеосын ең алдымен Egovpress Telegram арнасы жариялады. Олар  Қаскелеңдегі колледж студенттері болып шықты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қарасай аудандық полициясы жанжалға қатысушыларды анықтаған.

Хабарламаэада: «Балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен құқыққа қайшы мінез-құлық салдарын түсіндіре отырып, профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

Ішкі істер органдары білім беру ұйымдарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды жалғастыруда. Кәмелетке толмағандар арасындағы заңсыз әрекеттің әрбір фактісі қатаң түрде жолын кесіп, кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады», — делінген.

Өз кезегінде оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті де түсінік берді: «Төбелеске қатысушылардың барлығы анықталғанын хабарлаймыз. Заңды өкілдер ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге байланысты міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен құқық бұзушылықтың қайталануының алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді».

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі