jasqazaq.kz

Қашқын генерал шекарадан қалай өткен?

12 сәуiр 2023, 13:54

Бас прокуратура Алматы және Жетісу облыстары полиция департаментінің бастығы лауазымын атқарған генерал Серік Күдебаевтың мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұған дейін мемлекеттік шекараны заңсыз өту бойынша ұлттық қауіпсіздік органдары іс қозғаған болатын. Қылмыстық істің маңызын ескере отырып, бас прокуратура өзінің өндірісіне алған еді. Генералдың ісіне қатысты жедел тергеу тобы құрылды. Топ құрамында құқық қорғау органының тәжірибесі толысқан тегеушілері мен әккі жедел өкілдері бар. Мұны мәжіліс кулуарында бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлім етті.

Қырғызстанға кетті деген мәлімет болғандықтан осы елге тиісті сауал жолдадық. Оған жауап алдық. Қырғыз Республикасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп, бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алдық. Қазір жұмыс жүріп жатыр. Қырғыз Республикасындағы әріптестеріміздің мәліметіне сай С.Күдебаев Қырғызстанға барғаннан кейін, Манас әуежайы арқылы Стамбул қаласына ұшып кетті деген мәлімет берді. Түркиямен екі жақты келісімге қол қойылған. Екі жақты келісім нәтижесінде Түркиядағы құққық қорғау органдарымен жұмысымызды бастап кеттік. Осы іс бойынша бүкіл мәліметті, нәтижені айтқым келмейді. Себебі бұл мәліметті біз ғана емес, сіздер ғана емес, бүкіл БАҚ біліп, оның өзі және жақтастары да біліп, біздің іздестіру амалдарымызға кедергісін тигізуі мүмкін. Сол себепті не үшін барлық мәліметті айтпай отырғанымды түсінесіздер ғой», – деді бас прокурордың орынбасары.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата