jasqazaq.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтықтың жаңа түрлерінен сақтануға шақырды

11 маусым 2025, 13:23

ҚМА Телеграм-каналындағы мәліметке сәйкес, алаяқтар адамдардың жұмыс орындарына тексеру жүргізу жөнінде жалған хабарламалар таратып жатыр. Бұл хабарламаларда азаматтарды «құжаттар тапсырып, серіктес болуға» шақырады.
Хабарлама сенімді болып көрінуі үшін Агенттіктің логотипі бар жалған бланкіде, қолдан жасалған мөрмен ресімделеді.
Кейін алаяқтар өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға қоңырау шалып, банк шоттары туралы ақпаратты алдап сұрап алады.
Қаржылық мониторинг агенттігі мұндай тексерулер жүргізбейтінін  және телефон арқылы қоңырау шалмайтынын тағы да ескертеді.
Ақпараттың шынайылығын тексеру үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне немесе тұрғылықты жері бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінуге болады.
ҚМА жұртты мұқият болуға, ақпаратты ресми дерек көздерімен салыстыруға шақырды.

JQ-Aqparat

Сурет: ҚМА

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы