jasqazaq.kz

Қаржы сауаттылығы бойынша курстар әзірленуде

20 қазан 2023, 11:39


Еліміздің барлық өңірінде несие мен қаржы мәселелері бойынша халықпен тікелей жұмыс істейтін Жобалық кеңселер құрылып жатыр. Мектеп оқушылары мен студенттерге қаржы сауаттылығы бойынша курстар әзірленуде. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.
Е. Жамаубаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында халықтың шамадан тыс қарыз алу мәселесіне ерекше көңіл бөлгенін, Үкіметке «Қарызсыз қоғам» жобасын бүкіл елімізге ауқымды етуді тапсырғанын еске салды. Бұл ретте Үкімет мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қажетті жұмыс жүргізуде.
«Атап айтқанда, арнайы Жол картасы әзірленіп, бекітілді. Ол 6 негізгі бағыт бойынша 25 іс-шараны қамтиды. Сондай-ақ бірігіп іс-қимыл жасау үшін мемлекеттік органдар мен «Amanat» партиясы арасында Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Жол картасының әрбір бағыты бойынша жұмысты үйлестіру үшін әкімдіктерде жауапты лауазымды тұлғалар бекітілді. Республикалық маңызы бар 3 қалада және еліміздің 17 өңірінде халықпен тікелей жұмыс істейтін өңірлік Жобалық кеңселер құрылып жатыр», – деді парламенттік тыңдауда.
Жобалық кеңселердің негізгі міндеті – кредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу, қаржы алаяқтарынан қорғау, азаматтардың банкроттық мәселелерін шешуге, жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және бизнесті қолдау шараларын ұйымдастыру.
Әкімдіктер жобалық офистердің жұмысы үшін қажетті ғимараттар мен материалдық-техникалық базаларды бөледі.
«Жобаның тағы бір маңызды бағыты – азаматтардың, оқушылар мен студенттердің қаржы сауаттылығын арттыру. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының студенттері үшін қаржы сауаттылығы курстарын енгізу пысықталып жатыр. Оқушылар үшін арнайы курс әзірленуде. Ол үшін әдістемелер мен оқу құралдары дайындалады. Нәтижесінде осы бағыт шеңберінде 550 мың оқушы мен студентті оқыту жоспарланған», – деді Қаржы министрі.
Сонымен бірге Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде несие алу үшін тұрақты негізде кеңестер беріп отырады.

 

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі