jasqazaq.kz

Қаржы пирамидасын құрғаны үшін іздеуде болған азамат Бішкекте ұсталды

08 қантар 2024, 11:31


Адамды тану қабілеті бар бейнебақылау камераларының көмегімен Қазақстанда іздеу жарияланған азамат Қырғыз астанасынан табылды.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің дерегі бойынша, бейнебақылау жүйесі оны қаржы пирамидасын құрғаны және басшылық жасағаны үшін іздеу салынған адам ретінде тіркеді.
2023 жылы желтоқсан айының соңында Бішкек қаласының бақылау камералары Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 217-бабы «Қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету» бойынша іздеу жариялаған О.А. есімді Қазақстан азаматын анықтады. Бішкекте ұсталған Алматы қаласының тумасы қамауға алынды.
2021 жылы сәуір айында Қазақстанда салымшылар үш компанияның қызметіне қатысты ұжымдық арыз жазып, оларды қаржы пирамидасы деп атады. Бұл компаниялар өзін инвестиция саласындағы табысты ұйымдар деп таныстырған. Ол пайдалы инвестицияларды ұсынатын осы «жоба» көшбасшыларын ұстай бастаған кезде, жасырынып үлгерген.
Компаниялар салымшылардың бірнеше миллиард теңгесін заңсыз алған. Қаржы ағынын арттыру мақсатында қаржы пирамидалары қызметіне танымал блогерлерді де тартқан. Сот қаржы пирамидасына қатысы бар екі вайнерді 5 жыл бас бостандығынан айырған болатын.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі