jasqazaq.kz

Қаржы министрлігінің лауазымды қызметкерлері ұсталды

09 қазан 2024, 16:07

Алматы мен Астанада Қаржы министрлігінің қызметкерлері ұсталды.Олар алдау арқылы кәсіпкерге көмектескен сыңай танытып, 68 миллион теңге сомасында ақша қаражатын иемденіп алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бегайдаровтың сөзінше, арнайы операция барысында Алматы және Астана қалаларында ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қаржы министрлігі басқармаларының басшылары әшкереленді.
«Олар кәсіпорынға 570 миллион теңге көлемінде салықты негізсіз қосымша есептеу туралы ақпаратты алып, делдал арқылы осы фирманың өкіліне жүгініп, одан ақшалай сыйақы талап етті деген күдікке ілінді. Алдағы уақытта бұл мәселені шешу сылтауымен оны 68 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат иеленді, оның ішінде Қаржы министрлігінің лауазымды тұлғалары мен делдал қылмыспен әшкереленді», – деді Данияр Бегайдаров Антикордағы брифингте.
Соттың санкциясымен күдіктілер электронды бақылау құралдарын қолдана отырып, үй қамағына алынды. Басқа лауазымды тұлғалардың қылмыстық құқықбұзушылыққа қатыстылығы тексеріледі. Тергеу жалғасуда.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі