jasqazaq.kz

Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғала ма?: Бас прокуратура жауап берді

11 маусым 2025, 12:24


Бүгін Мәжіліс отырысынан кейін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев журналистердің сұрағына берген жауабында Шерзат Болаттың ісіне қатысты сот туралы пікірін айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz. 

Ол: «Шерзат Болаттың соты бойынша айтсақ, үкім әлі күшіне заңды енген жоқ. Тараптардың бәрінде шағым түсіретіндей мерзімі бар. Бірақ процестің өзін көргісі келген қазақстандықтардың бәрінде мүмкіндік болды деп ойлаймын. Процесс өте сапалы, ашық, объективті өткізілді деп есептеймін. Үкім шығарылған кезде бүкіл дәлел, куә материалдары ескерілді. Мұндай ашық процестердің мақсаты сот әділ өтіп жатқанын, ешкі ештеңені бүркемелеп отырмағанын көрсету еді», — деп атап өтті.

Әсет Шыңдалиев сотталғандардың  туыстары Қаржаубай Нұрымовты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы талабына тоқталды:

«Мен күдіктілердің туысқандарының немесе өзге біреулердің сөзіне сүйеніп қана пікір айта алмаймын. Қылмыстық іс қозғау үшін мәлімет жеткілікті болу керек. Іс қозғау туралы шешімді қылмыстық қудалау органы қабылдайды», — деді Бас прокурордың орынбасары.

JQ-Aqparat

Сурет:  inform.kz

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы