jasqazaq.kz

Қарызға белшеден батқан 2409 адам банкрот болуға дайын! (Видео)

07 сәуiр 2023, 9:47

2409 банкрот болуға дайын. Бүгінге дейін ел бойынша қарызға белшеден батқан осынша адамның өтініші мақұлданыпты. Бірақ бұл бір күнде бітетін шаруа емес. «Банкрот» деген статус адамның қаржылық жағдайы алты ай тексерілгеннен кейін ғана беріледі. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Меруерт Сейсембаева, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

— Бүгінгі күні 39 129 өтініш қабылданды. Оның ішінде мақұлданғандардың саны 2409. 17 мың арыз қанағаттандырудан бас тартылып отыр. Қаралу үстіндегі арыздардың саны 19500 құрайды. Заңда жазылған 15 жұмыс күн берілген өтініш бойынша тексеріс жүргізіледі деп. Шектеу мерзімі жоқ бұл заңның. Бүгінде беруге болады, он жылдан кейін де өзін банкрот деп тануға өтініш беруге құқылы.

Өзін «банкрот» деп жариялауға өтініш беру бір ай бұрын басталған. Соттан тыс банкроттық рәсімін пайдалануды ұйғарған жандардың ішінде ең төменгі қарыз соммасы 1383 теңге. Ал ең көп берешек соммасы 282 миллион теңгеден асып жығылады. Микроқаржы ұйымы мен банктегі қарызынан тезірек құтылғысы келетіндердің көбі Оңтүстік Қазақстан мен Түркістан облысының тұрғындары екен.

Осы мүмкіндікті пайдаланғысы келетіндерге мына талаптар қойылған: банктер, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер алдындағы берешек 5 млн 500 мың теңгеден аспауы тиіс және төленбеген мерзімі кемінде 12 ай болуы қажет. Ал 5 миллион теңгеден астам қарызы бар борышкерлердің ісін сот қарайды. Экономистер халықты жаппай банкроттыққа өтініш бермеуге шақырды. Себебі, мұндай статус алатын адамдар болашақта түрлі кедергілерге тап болады.

Нұрғали Нұрмағамбетов, экономист:

— Сізді банкрот деп таныса, 5 жылға дейін несие ала алмайсыз. Несие тарихыңызға да әсер етеді. Сосын болашақта үй немесе көлікті банктен рәсімдеу қиынға соғады. Сондықтан бір-екі миллион қарызға бола өтініш берудің қажеті жоқ. Расымен де, жағдайыңыз қиындап, берешегіңіз бес миллионнан асып кетсе, төлейтін мүмкіндік болмаса ғана өтініш берген жөн. Ойлану қажет. Сосын мемлекет те сіздің барлық кіріс-шығысыңызды мұқият тексереді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде