jasqazaq.kz

Қарғын суға төтеп беру үшін дайындық жүріп жатыр

09 сәуiр 2024, 19:07

Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Атырау облысындағы су басқан аудандарында жүр. Ондағы жағдай туралы ол өзінің Фейсбук парақшасында былай деп жазды:

«Бүгін біз төтенше жағдай жөніндегі штаб мүшелерімен және су мамандарымен бірге Жайық өзенінің жайылмасының үстімен ұштық. Мақсат – Атырау қаласына дейін суды тартып, қаладан кейін суды өткізу жолдарын анықтау. Атырау қаласы, Махамбет (Махамбет, Сарайшық ауылдары) және Индер (Құрылыс, Жарсуат ауылдары) аумақтарында «үлкен суды» қабылдауға дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды қарадық.

Қажетті шараларды қабылдау үшін «жіңішке орындар» деп аталатындарды анықтау маңызды болды. Жағаны күшейту жұмыстарына атсалысып жатырған тұрғындармен де кездестік. Жарықтандыру, құрал-жабдықтар бойынша көмек сұрайды, оларға бульдозер, экскаватор қажет. Қосымша көмек көрсету үшін Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері қатысатын болады. Қазіргі жағдайды бәрі де түсінеді. Бәрі де ұйымшылдықпен, бірлікпен жұмыс істеп жатыр. Ежелгі Сарайшық қалашығын су басу қаупі төніп тұр. Болжам бойынша, Атырауға 20 сәуірде үлкен су келеді деп күтілуде. Оперативтік жағдайға келсек, бүгін Ембі-Ақкиізтоғай өзендерінің гидропостында, су деңгейінің тұрақты төмендеуі байқалады, деңгейі 295 см. 4 сағатта ішінде 3 см түсті. Жайық өзенінің гидропосттарында су деңгейі көтерілуде. Бұдан әрі өсім күтілуде. Ириклинск су қоймасында ағындар 1500 м3/с құрайды. Қиғаш өзенінің өлшеу бекеттерінде жағдай тұрақты, су деңгейінің төмендеуі байқалады. Жалпы, жұмысты жеделдету қажет».

JQ-Aqparat

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі