jasqazaq.kz

Қарғын суды Атырауға жібермеуге күш салынады

06 сәуiр 2024, 18:41

Вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына барды. Ол облыс әкімімен бірге Құлсары қаласынан Ақтөбе облысымен шекараға дейінгі аумақты тікұшақпен айналып өтті. Кейін ТЖ жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті.


Вице-премьер өңір басшылығына су тасқынына қарсы күрес бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, Атырау облысында төтенше жағдай режимін енгізу туралы тапсырма берілді.
«Мен ҚТЖ басшылығын шақырдым, өйткені кейбір жерлерде үлкен су көлемін өткізу үшін теміржолдарға демонтаж жасау қажет. Бүгінгі таңда Ириклин су қоймасынан су ағызу секундына 2,5 мың текше метрді құрайды, алдағы уақытта ол 4,5 мыңға жетуі мүмкін. Сондықтан бізде су тасқынына дайындыққа 20 күн бар. ТЖ режимін халықты дүрбелеңге шақыру үшін емес, су тасқынына қарсы нақты іс-қимыл үшін жариялаймыз», — деді Қанат Бозымбаев.

Өңірде суды Атырауға қарай жіберіп алмай, Каспий теңізіне қарай апаратын өзендер мен көлдерге жіберу үшін бұру арналарын қазу қажет.
«Біз үшін ең басты міндет – Атырау жағалауын барлық жағынан нығайту», — деп түйіндеді Қанат Бозымбаев.

JQ-Aqparat

Суреттер: Үкіметтің баспасөз қызметі

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі