jasqazaq.kz

Қаратауда тындырылған тірлік көп

16 мамыр 2023, 9:16

Қаратау ауданы – Шымкенттегі жас аудандардың бірі. Шымкент республикалық маңызы бар қала атанған тұста іргетасы қаланған ауданның құрамына облыстан елді мекендер қосылып, шаһардың солтүстік бөлігінде жаңа шағын аудандар пайда болды. Ауданды жан-жақты дамыту үшін кешенді жоспар түзіліп, бүгінде жұмыс кезең-кезеңімен атқарылып келеді.

– Өткен жылы Қаратау ауданына қарасты 24 елді мекен болса, бүгінде қалада жаңа ауданның құрылуына байланысты аумақтық өзгерістер орын алып, 18-і қалды. Аудан тұрғындарын су, жарық және газбен қамту мәселесі кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Жоспарға сәйкес, 2023 жылдың соңында аудан аумағындағы барлық елді мекендер 100 пайыз ауыз сумен қамтылады, — дейді Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов.

Миллион тұрғыны бар, демография мен урбанизацияның салдарынан тұрғындар саны күн санап артып отырған қалада инфрақұрылым мәселесі күн тәртібінен түспек емес. Бүгінгі таңда 19 500 гектар аумақты алып жатқан ауданда 29 762 жеке сектор, 448 көп қабатты үй, 164 аула,595 көше мен 7 демалыс аймағы (саябақ, сквер) бар. Яғни, аудан әкімдігі 189 577 тұрғынның жайлы ортада өмір сүруін қамтамасыз ету үшін жұмысты үйлестіріп, халықтың үдесінен шығып отыр.

–Өткен жылы ауданға қарасты Қайнарбұлақ, Сайрам тұрғын алабы және Асар-2 шағын ауданында ауыз су жүйесінің құрылысы басталған болатын. Аталған елді мекендердегі құрылыс 2023 жылға өтпелі. Биыл Сайрам және Қызылсу елді мекендерін ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізіліп, жыл соңында аудан аумағындағы барлық елді мекендер 100 пайыз ауыз сумен қамтылады. Сонымен қатар, ауданға қарасты елді мекендерді жарықпен қамтамасыз ету жұмыстары басты назарда. 2021 жылы аудан Достық және Асар-2 шағын ауданын жарықпен қамтудың алғашқы кезеңі жүзеге асырылса, құрылыстың екінші кезеңі былтыр толығымен аяқталды. Сондай-ақ, өткен жылы Тұран, Нұртас, Тассай, Қайнарбұлақ шағын аудандары жарықпен қамтылды. Биыл Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағы электр жарығымен қамтылып, 3191 абонент сапалы электр энергиясына қол жеткізбек, — деді Рахымберді Жанысбекұлы.

Аудан әкімінің айтуынша, 2022 жылы 6 елді мекенде – Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен саяжайы, Асар-2, Тұран, Нұртас шағын ауданы мен Тассай тұрғын алабында табиғи газ жұйесінің құрылысы басталған. Биыл Тұран шағын ауданында абоненттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, жыл соңына дейін Нұртас шағын ауданы мен Тассай тұрғын алабындағы құрылыс жұмысын аяқтау жоспарланыпты. Кешенді жоспарға сәйкес, аудан тұрғындарын 2025 жылға дейін толығымен табиғи газбен қамту көзделген.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
Бүгін, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
Бүгін, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында