jasqazaq.kz

«Қарасора»: 237 есірткі қылмысы анықталды (Видео)

26 маусым 2023, 16:20

«Қарасора» арнайы операциясында полицейлер 237 есірткі қылмысын анықтады. Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті.
«Еліміздің оңтүстік өңірлерінде қарасораны өсіруге, дайындауға және әкетуге қарсы, сондай-ақ есірткіні, оның ішінде олардың жаңа түрлерін таратуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесуге бағытталған “Қарасора” арнайы операциясы жалғасып жатыр.
Өткен аптада ғана ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері 1 940 килограмнан астам есірткіні заңсыз айналымнан тәркіледі. Мәселен, Ақмола облысында аумақтық полиция департаментімен бірлесіп, Астана, Көкшетау және Қарағандыда каннабис тобының есірткілерін байланыссыз сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Топ 11 адамнан тұрған, олардың арасында бір кәмелетке толмаған бала да бар. Қызылорда облысының Шиелі ауданында елді мекеннен 70 шақырым жерде апиын көкнәрын өсіруді ұйымдастырған жергілікті тұрғын ұсталды. Бір гектар жерге қылмыскер 2 377 көкнәр бұтасын отырғызған. Құрамында есірткі бар өсімдіктердің жалпы салмағы шамамен 300 килограмды құрады. Тінту барысында плантацияда үш килограмм кептірілген марихуана тәркіленді. Жамбыл облысында да қарасора өсіру фактісі анықталды. Полицейлер ауданы 1 га жерге қарасора өсіру фактісінің жолын кесті. Құрамында бір жарым тоннадан астам есірткі бар өсімдік заңсыз айналымға жіберілмеді. Таразда біздің елде уақытша тұратын шетелдік азаматтың қарасора өсіру әрекетінің жолы кесілді. Оның пайдалануға дайын төрт қарасора бұтасы мен 100 грамнан астам марихуана тәркіленді. “Қарасора” арнайы операциясының өткен айында полицейлер 237 қылмысты анықтады, оның ішінде: 88 өткізу фактісі, 35 аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз сақтау фактісі, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 88 фактісі. Бес есірткі зертханасы жойылды. Заңсыз айналымнан үш тоннадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде екі тоннадан астам марихуана, 300 кг апийын көкнары, 29 кг гашиш, 4 кг синтетика және шамамен 1 кг героин» бар деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
Бүгін, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания