jasqazaq.kz

Қаралы жиында марапат туралы сөз қозғау қаншалықты орынды? Дулат Исабековтың асында келеңсіз жәйт орын алды

24 ақпан 2025, 12:26

Қаралы аста сөз сөйлеудің өз реті болады. Әдетте марқұмның жақындары, жора-жолдастары еске алып, жылы лебізін білдіріп жатады. Дегенмен кейде артық кететін жағдайлар да болады. Баспагер Бақытжан Бұқарбай өзінің Facebook парақшасында жазушы Дулат Исабековтың аcындағы сондай келеңсіз жәйт туралы жазды:

«Қаралы жиындарда зиялы санатына жатқызып жүрген ағаларымыз бен апаларымыздың өзін ұстауы мен сөйлеген сөзі кейде «Бұл қалай сонда?» деген еріксіз ойға қалдырады. Бүгін Дулат Исабековтің асында сөз алған Ханбибі Есенқарақызы марқұмның артында қалған балаларына көңіл айтудың орнына, өзінің мемлекеттік сыйлық ала алмай жүргенін алға тартты. Бұл сөзі тым әдепсіз көрінді. Мереке Құлкенов жағдайды жұмсартуға тырысып, «Ендігі рет аласыз» деп әзілге бұрғанымен, мұндай әңгіменің дәл осы жерде айтылғаны ұят болды.

Апамыздың бұлай ренжитіндей жөні бар ма екен деп желідегі ақпаратты қарап шықтым. Ханбибі ханымның алмаған марапаты жоқ екен: «Парасат» пен «Барыс» ордендері, «ҚР еңбек сіңірген қызметкері (қайраткері — ред.) атағы – бәрі бар. Сонда осындай жиында тағы бір марапат жайлы сөз қозғау қаншалықты қажет еді?
Бұған дейін де осындай көріністер болған. Бір аста сөз алған Смағұл Елубай марқұм туралы бір жақсы естелік айтып немесе артында қалған ұрпағына жылы тілек білдірсе жарасар еді. Оның орнына, біраз уақытын қазіргі президентті мадақтауға арнады. Бұрынғы басшыны да дәл осылай дәріптеуші еді. Бұл өте жиіркенішті көрініс болды.

Осы жазғаным аға буынға жетіп жатса, бір нәрсені ескеріңіздерші: аста біз сияқты жастар да отырады. Жәй ғана отырмай, жағасын ұстап, сіздер үшін испанша ұялып отырады…»

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі