jasqazaq.kz

Қарақат Әбілдина: Қу арақ кімнің түбіне жетпеген!

22 маусым 2023, 14:43

Қарақат пен Қыдырәлі, Абай Бегей сынды танымал әншілерге ән жазған композитор Арман Қайназаровтың ішкілікке салынған видеосы әлеуметтік желіде кең тараған болатын.

Қарақат Әбілдина композитордың қазіргі жағдайына байланысты өзінің Instagram парақшасында жазба жариялады.

«Журналистер хабарласып ақын-композитор Арман Қайназаров жөнінде сұхбат алғысы келетіндерін айтты. «Қыдырәлі мен Қарақат әнімді орындайды» деген сөзін біз де әлеуметтік желілерден естіп білдік.
Бұл кісіні жеке танымайды екенбіз. Әнін телефон арқылы ұсынып, жарыққа шығарсаңыздар деген тілегін білдірді. Қыдекеңнің концертіне дайындалып жүрген кез болатын, соған сөзін лайықтап Айнұр Тұрсынбаева жазып, «Жанымау» деген атпен алғаш рет «Ұлытау ұлы» концертінде орындап шықтым. Оған да 5 жыл өткен екен.

Сөйтіп қандай ән болды екен деп, архивті ақтарып отырып тауып өздеріңізбен бөлісіп отырмын. Репертуарымда бұл әннің барын да ұмытып кетіппін, жиі орындалмағаннан кейін шығар. Талғамы жоғары тыңдармандарымның көңілінен шығып жатса неге оррындамасқа?! Біршама әншіге ән жазған екен, осындай хәлге түскені өкінішті…

Өнер адамдары сезімтал, жүрекке жақын алғыш, көңілшек келеді ғой. Әлемі бөлек, жан-дүниесі нәзік, сынып кетуге бейім тұрады.

Қу арақ кімнің түбіне жетпеген?! Қарап отырып жүрегің ауырады. Шын…Қаншама отбасы осы шайтансудың шатағынан шайқалып жатыр. Жаратқан жар болып, пенделерін адастырмай, тура жолға салса екен», — делінген жазбада.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі