jasqazaq.kz

Қарақат Әбілдина қандай келін алатыны туралы айтты

25 мамыр 2023, 16:01

Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина келіндерінің қандай болу керектігін айтып берді.

Қарақат Әбілдина: «Өзім ене болуға дайынмын. Жақсы ене болатынмын деп ойлаймын. Келінім дәстүрден мақұрым болмаса екен деп ойлаймын. Қазақы таным-түсінігі мол, тәрбиелі, көргені бар,келін болса екен деп Алладан тілеймін. Ең бастысы, қазақы тәрбиені көріп өскен болса, баламның өзі қалада туып-өскенімен оның бойында қазақтың иісі сөзінен де көрініп тұрады. Балам ұлттық құндылықтарды жақсы түсінеді. Өзінің деңгейіндегі қазақылық қасиеті бар бала болса жақсы болатын еді. Негізі ұлым менімен сырласады. Өзіне ұнаған қыздар болса, суреттерін жіберіп, ақылдасып кеңеседі. Ұлымның «Ғашық болдым, күйдім, сүйдім осы келін болады деген сөзін белден басып қадам жасамайтынын білемін. Ғашық болған күннің өзінде, біз ол туралы білетін боламыз.

Қыдырәлі Болманов жұбайының қандай ене болатыны жөнінде айтып берді.

«Қарақат болашақта жақсы ене болады. Конақжай, көңілі ашық, баяғы апа, әжелеріміз сияқты дастарханы жиылмайды. Қарақаттың анасы сондай жан. Балалары мойындарына асылып, жандарында жүрсе екен деймін. Мен үйге кіріп келген кезде Қарақатқа: «Келді, аяқ киімін ал, алдынан шығып күтіп ал» деп отырады. Анасына қарап қызын ал деген осы. Бастысы, қазақы тәрбиені бойына сіңірген, текті қыз болса болды», — дейді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі