jasqazaq.kz

Қарақалпақстаннан келген келіншек екі баласын сатқан

03 сәуiр 2023, 16:10

Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Қанат Нұрмағамбетов бүгінгі өткен брифингте Оралда екі баласын сатып жіберген Қарақалпақстан азаматының ұсталғанын айтты.

Оның айтуынша, Оралда Қарақалпақстан азаматын (бүгінде Өзбекстан құрамындағы автономия) балаларын сатып жатқан жерінен полиция құрықтаған.

«Оралда бала саудасы бойынша 31 жастағы Қарақалпақстан Республикасының азаматы — жас келіншектің 2018 және 2019 жылы туған екі баласын сатып жібергені анықталды. Бірінші факт 2018 жылдың маусым айында орын алған, онда А. әйел жаңа туған баласын одан әрі заңсыз асырап алу үшін Атырау облысынан келген ерлі-зайыптылардың қолына берген. Екінші рет 2022 жылдың желтоқсан айында үш жасар қызын Оралдан келген ерлі-зайыптыларға 1 миллион теңгеге сатып жіберген», — деді ол.

Бұл фактілер Қылмыстық кодекстің 135-бабы – кәмелетке толмағандарды саудалау бойынша тіркелді.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық