jasqazaq.kz

Қарағандыға “металл өндіреді” деп Грузиядан майнинг компьютерлерін әкелген (Видео)

03 сәуiр 2023, 20:43

«Сарыарқа» аумағына майнинг құрылғылар заңсыз жеткізіліп келген Қарағандыда «Сарыарқа» арнайы экономикалық аумағына майнинг өндіруге арналған құрылғылар заңсыз жеткізіліп келген. Бұларды жалған құжаттар арқылы өткізген күдікті осы аумақтағы металлургия зауытының белді қызметкері болып шықты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Сарыарқа экономикалық аумағында жұмыс істейтін кәсіпорындар кедендік және салық төлемінен босатылған. Ал Грузиядан келген майнинг өндіретін 1800 компъютер мен қорек блоктары және 10 мыңнан аса арнайы кабельдер аумақтағы металл өндіретін зауытқа керек дүние ретінде келіпті. Тауарды жеткізумен айналысқан күдікті кеденшілерді осыған сендірген. Өйткені оның өзі 23 жыл кеден бақылауы саласында жұмыс істеген екен. Тексеріс барысында тауардың контарбанда жолымен келінгені әшкереленді. Алайда осының бәрін ұйымдастырған Абай Оспанов есімді азамат сот шешімімен бір жарым жылға сотталды.

Зарина Құсманова, Қарағанды облысы экономикалық тергеу департаментінің қызметкері:

— Аталған құралдар металлургиялық құрылғылар өндірісіне емес, көп мөлшерде электр энергиясын тұтыну арқылы криптовалюта өндіруге арналған. Тәркіленген заттардың жалпы сомасы 395 миллион теңге шамасында.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық