jasqazaq.kz

Қарағандыда дәрігерлерге қол көтерген екі адам жазаланды

19 маусым 2025, 17:03

Қарағандыдағы облыстық балалар ауруханасында дәрігерлерге шабуыл жасаған ер адам екі ай мерзімге қамауға алынды. Онымен бірге болған екінші азамат 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, дәрігерлерді ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Соттың санкциясымен басты күдікті екі айға уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқиғаға қатысы бар екінші азамат — негізгі күдіктінің жақын туысы — полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбағаны және медицина қызметкерлеріне балағат сөздер айтқаны үшін жауапқа тартылды.

— К. есімді азаматтың кінәсі бейнебақылау камерасындағы жазбалар мен жинақталған іс материалдары негізінде дәлелденді. Қарағанды қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 80-1-бабы 2-бөлігі (медицина қызметкеріне құрмет көрсетпеу), 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) және 667-бабы 1-бөлігі (полиция талабына бағынбау) бойынша кінәлі деп танылып, ӘҚБтК-нің 58-бабы 2-бөлігіне сәйкес 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды, — деп мәлімдеді Қарағанды қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.

 

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы