jasqazaq.kz

Қарағанды облысының прокуратурасы салық органының заңсыз әрекеттерін әшкереледі

23 қантар 2024, 16:38

Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының прокуратурасы Қазыбек би атындағы аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында тексеру өткізу аясында салық төлеушілердің құқықтарының бұзылу фактілерін анықтады.
Салық кодексінің 128-бабына сәйкес салық органы дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға, жеке практикамен айналысатын тұлға 1 АЕК-тен астам салық берешегін төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда берешекті өндіріп алу туралы салықтық бұйрықшығарады,
Алайда, салық органы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бұйрықтар шығарған, бұл олардың қызметін тоқтатып, құқықтарының шектелуіне соқтырған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жалпы сомасы 4 444 641 теңге құрайтын 126 салық бұйрығының күші жойылды, кейіннен жеке сот орындаушылары шектеу шараларын алып тастады.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 114-бабының 3-тармағының 5-тармақшасына сәйкес хабарламада, заңда белгіленген жағдайларда, салық міндеттемесінің сомасы және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеттеме, көрсетілуі тиіс.
Жоғарыда аталған заң талабына қарамастан, ауданның Мемлекеттік кірістер басқармасы 0 теңге сомасы көрсетілген хабарламалар жіберген.
Прокурорлық ден қою шараларымен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 675 хабарлама кері қайтарып алынды.
Қол қоюға уәкілетті емес тұлғаның цифрлық қолтаңбасы бар 23 хабарлама жойылды.
127 жеке кәсіпкерлік субъектісін заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды.
Мүгедек балалары бар 63 ата-анаға жалпы сомасы 583 658 теңгеге заңсыз есептеу (жеке табыс салығы) жүргізу жолымен мүгедек балалар мен олардың өкілдерінің конституциялық құқықтарын бұзу фактілері анықталды. Артық төленген соманы қайтару шаралары қабылданды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі