jasqazaq.kz

Қарағанды облысындағы жарылыс: екі адамның мәйіті табылды (Видео)

30 қантар 2024, 10:49

Қарағанды облысының Ботақара кентінде құтқарушылар тұрмыстық газ балонының жарылуы салдарынан құлаған үй қирандыларының астынан екі адамның денесін алып шықты. Оқиғадан 5 адам зардап шеккен, оның үшеуі -бала.

«30 қаңтарда сағат 00:07-де Бұқар жырау ауданы Ботақара кентіндегі Әуезов, 8а мекенжайы бойынша екі қабатты, екі кіреберісі бар 12 пәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан №10 пәтерде жарылыс болды. Пәтердің төбесі мен қабырғалары толық опырылып түсті. Бірінші қабатта орналасқан № 7 пәтер де қирап қалды. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде бірінші қабаттағы № 5, 6, 8, екінші қабаттағы № 11, 12 пәтерлер жартылай зақымданған», — делінген Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінде.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Қарағанды Облысы Тжд (@112qaragandy_tjd)

Тұрғын үй 2014 жылы салынған. Жалпы ауданы — 510 шаршы метр. Мұнда 46 адам тұрады, жарылыс кезінде 35 адам болған.
«Сағат 00:11-ден 03:37-ге дейінгі аралықта жүрген құтқару жұмыстары кезінде қирандылар астынан қаза болған екі адамның денесі шығарылды. Жарақат алған бес адам түрлі дене жарақаттарымен Бұқар жырау аудандық ауруханаға жеткізілді, оның үшеуі — бала. 25 азаматқа жедел психологиялық көмек көрсетілді», — делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаментінде 8-7212-517223 номері бойынша жедел желі іске қосылды. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Жұмысқа 139 адам мен 32 техника жұмылдырылған.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі