jasqazaq.kz

Қарағанды облысында әскери қызметші ірі көлемде есірткімен ұсталды

11 қараша 2024, 14:42

Қарағанды облысында еңбек демалысындағы әскери қызметші ірі көлемде есірткі тасымалдау барысында ұсталды. Бұл фактіні құзырлы органдар растап отыр.

«10 қараша күні «Балқаш-Сарышаған» тас жолында патрульдік полиция қызметкерлерімен жол қауіпсіздігін қадағалау барысында, жол жүру ережесін бұзу бойынша (мемлекеттік тіркеу нөмірі болмаған) 31 жастағы азаматтың басқарған «Geely Coolray» автокөлігі тоқтатылды. Автокөлікті тексеру кезінде, жүк салғыштан жалпы салмағы шамамен 12 келі 18 пакетке оралған ақ түсті ұнтақ заттар тәркіленді. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы шақырылып, олар тәркіленген заттардың тиым салынған зат екенін анықтады», — деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

inform.kz хабарлағандай, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Полиция азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және есірткінің таралуын болдырмау және есірткі қылмыстарының жолын кесу бойынша күшейтілген жұмысты жалғастыра бермек», — дейді департаменттен.

Еліміздің Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі тыйым салынған ұнтақ заттармен ұсталған әскери қызметші екенін растады.

«10 қарашада Сарыөзек гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінің еңбек демалысында жүрген әскери қызметшісін есірткі тасымалдау кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің қызметкерлері ұстады», — деген хабар алдық баспасөз қызметінен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

«Құрлық әскерлері істі объективті тергеу мақсатында құқық қорғау органдарына жәрдем көрсетеді», — дейді әскери ведомстводан.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі