jasqazaq.kz

Қарағанды: ХҚКО -ның бұрынғы басшысы ұсталды

15 қазан 2024, 10:43


Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысында бір топ адамның жүк көліктерін заңсыз бастапқы тіркеуге алғанын анықтады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) қызметкерлері көліктердің бастапқы тіркеу алымы мен утилизациялық алымды төлеуден босату мақсатында интеграцияланған ақпараттық жүйеге жүк көлік құралдарының VIN-кодтары бойынша көрінеу жалған деректерді енгізгені анықталды.
Осылайша, олар 33 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеуден өткізген. Соның салдарынан жергілікті бюджетке 315 млн теңгеден астам сомаға төлемдер түспеген.
Күдіктілер-мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы және ХҚКО басшысының орынбасары ұсталды, сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Күдіктілердің мүлкіне 42 млн теңге көлемінде тыйым салынды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі