jasqazaq.kz

Қант бағасы қымбаттай ма?

27 маусым 2023, 11:58

Қант бағасының өсу қаупі бар ма? Тапшылық бола ма? Бұл сауалдарға Премьер-Министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жауап берді.

«Әуелде қанттың көтерме бағасының ең төменгі деңгейін енгізгіміз келді, әзірге тоқтадық. Өйткені, қант қымбаттап жатыр. Бізде қант өндірісі Ресейге қарағанда қымбатқа түседі. Әзірге ресейлік қант арзан, дегенмен біз әзірге жағдайды қалыпта ұстауды жөн көрдік. Отандық қант зауыттарын қолдау шаралары қазір пысықталып жатыр. Әзірге қант бағасының босаңсуына жол бермеу үшін өндірушіні субсидиялау нұсқасын ғана қарастырамыз», — деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына.

Сондай-ақ, министр шикізаттың қымбаттағанын айтты.

«Мәселені шешуде ұзақмерзімді перспектива тиімдірек. Әрине, қазір жағдай өте тиімді – қант арзан. Бірақ біздің зауыттар қоймадағы қантты сата алмай отыр. Себебі өндіріс құны өте қымбат. Өйткені шикі қант биржаларда қатты қымбаттады. Қант тапшылығы қаупі жоқ, ал қымбаттау бойынша мәселені қарастырамыз», — дейді ол.

JQ-Aqparat

Бүгін, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
Бүгін, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания