jasqazaq.kz

Қанат Ысқақов: Заң жобасы қоғамдық пікірді ескеріп әзірленді

19 маусым 2023, 15:09

Елімізде жаңадан әзірленген «Масс-медиа» туралы жаңа заңдағы өзгерістер туралы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов айтып берді.

«БАҚ туралы заң 1999 жылы қабылданды. Біз жаңа заңнама жобасын әзірледік. Заңды әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды, оның аясында 20 отырыс өтті. Оның құрамында мемлекеттік құзырлы органдар және үкіметтік емес ұйым өкілдері бар. Заң жобасы ашық түрде, қоғамның пікірін ескере отырып әзірленді», — деді Қанат Ысқақов Мәжілісте «Масс-медиа» туралы заң жобасын талқылау барысында.

Вице-министрдің айтуынша, заң жобасында бірнеше бағыт қамтылған.

«Алдымен БАҚ өкілдерінің мәртебесі. Мақсат — отандық БАҚ-тың абырой, мәртебесін көтеру. Ең алдымен шектеу мерзімін белгілеу. Себебі қазір шектеу мерзімі жоқ. Басқаша айтқанда, біздің азаматтардың 10, 20, 30 жылдан кейін де БАҚ өкілдерін сотқа беруге құқығы бар. Енді бұл норма 3 жылға дейін қысқарады. Аталған норма БАҚ жұмысының ілгерілей түсуіне септігін тигізері сөзсіз. Келесі бағыт — БАҚ өкілдері жолдайтын сауалдардың қаралу уақыты. Нақты айтқанда, 7 жұмыс күнінен 5 күнге дейін қысқарту. Бұл өзгеріс тілшілердің қысқа мерзім ішінде ақпаратқа қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Ал оқырман шұғыл ақпаратты уақытылы ала алады», — деді вице-министр.

JQ-Aqparat

23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции