jasqazaq.kz

Қанат Ысқақов: Оқушылар жазда мұражай мен театрға тегін кіре алады

20 мамыр 2025, 12:00

Үкімет отырысында мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды jasqazaq.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты мекемелер жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында жас ұрпақтың мәдени және шығармашылық әлеуетін кеңейтуге бағытталған ауқымды іс-шаралар кешенін әзірлеген.
Министрлікке қарасты 10 білім ордасында бүгінде 10 мыңнан астам шәкірт білім алуда. Бұл ұйымдарда жаз мезгіліне арналған арнайы мәдени-танымдық бағдарламалар бекітілді.

Қанат Ысқақов: «Жазғы уақытта еліміздің барлық мектеп оқушыларына музейлер мен театрларға, өзге де мәдени мекемелерге тегін кіруге мүмкіндік жасалып отыр. Бұл әрбір балаға мәдени мұрамен етене танысып, рухани байи түсуге жол ашатын игі бастама»,
— деді.

JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы