jasqazaq.kz

Қанат Тасыбеков Тіkток-тағы видеосы миллион қаралым жинағанын сүйіншілеп айтты (Видео)

18 қантар 2024, 17:12

Белгілі блогер, қазақ тілін ерекше әдіспен үйретуші, үш томдық «Ситуативный казахский» кітабының авторы Қанат Тасыбековтің ұлттық ерекшеліктеріміз жайындағы видеосы Тіkток-та 1 000 000 қаралым жинаған.


Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Қанат Тасыбеков аталған желіні жаңадан игеріп жатқан адам болғандықтан мынадай жетістігіне қайран қалып отыр.
«Менің видеоларымның бәрі қазақ тілі мен мәдениеті жайында. Өзім зейнеткермін. Тіkток-қа тіркелгеніме бір ай ғана болды. Мынау адам сенгісіз жағдай! Қатты риза болдым! Демек, қазақ тіліне, тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылық бар! Демек, мен өз білімімді қызықты етіп жеткізе аламын!» – дейді блогер.
Оның айтуынша, Facebook-тегі пост ұзақ тұрмайды. Ақырында жоқ болып кетеді. Есесіне Тіkток-та қаралым ұзақ уақыт бойы жинала береді екен. Ал мына видеосын Тасыбеков осыдан бір апта бұрын салып, миллионға сатылап жеткен.

 

@kanat_tassibekov #ру_жуз #ситуативныйказахский #казахскийязык #историяказахстана ♬ оригинальный звук — Ситуативный казахский

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі