jasqazaq.kz

Қамыстан шыққан өрттен үйлер өртенді

08 мамыр 2023, 5:27

Петропавл қаласының маңында қамысты алқапты өрт шалды. Лапылдаған жалын көшеге кіріп, 4 тұрғын үй жанып кетті. Оқиға орнында өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндіріп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 18.57 минут кеткенде Петропавлдағы 5-Сенная көшесіндегі ашық алаңда қураған қамыс жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.

Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жеткендіктен, өртке 4-ші қауіпсіздік деңгейі берілді.

Оқиға орнынан 40 адам, соның ішінде 9 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Әзірге қамыстың неден тұтанғаны белгісіз.

Қатты желдің салдарынан лаулаған от жақын маңдағы үйлерге жетіп, 4 баспана жанып кетті. Тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт әзірге ауыздықталған жоқ», — деді департаменттің баспасөз қызметіндегілер.

Өртпен күреске СҚО ТЖД 13 техникасы мен жеке құрамнан 73 адам жұмылдырылды.

Сондай-ақ теміржолдан 4 қызметкер мен бір техника, полиция департаментінен 50 қызметкер мен 9 техника, жергілікті атқарушы биліктен 10 адам және 5 техника өртті сөндіріп жатыр.

 

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі