jasqazaq.kz

Қалдық қауіп төндіреді

25 қыркүйек 2020, 12:20

Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова «Ақ жол» фракциясының атынан экология және денсаулық сақтау министрліктеріне депутаттық сауал жолдады. Ол Мәжіліс медицина қалдықтарының қоршаған орта мен адам өміріне тигізетін қаупін ескертті.

Оның сөзіне қарағанда, COVID-19-ға шалдыққандарды емдеу кезінде пайдаланылған медициналық мекемелерден шыққан қалдықтар (қорғаныс киімдер, шприц, бинт) ерекше қауіп төндіреді. «Әлемдік тәжірибеде медициналық қалдықтарды жою үшін өрттеу немесе автоклавтау тәртібі іске асырылады. Қазақстанда негізінен өрттеу тәсілі қолданылып келеді. Алайда аталған қызметке қатысты бірыңғай талаптар мен тарифтердің болмауы алаңдатады», – деді депутат.
Сонымен қатар ол бұл қалдықтарды бақылаусыз шығару оқиғалары кездесіп жатқанын сөз етті. Мұндай іс-қимылдар тұрғындар үшін қауіп төндіретіні анық.

«Медициналық қалдықтар да қауіпті екенін түсінікті, себебі оларда вирус тасымалдайтын бірнеше адамның биоматериалы жиналады. Осыған байланысты «Ақ жол» депутаттық фракциясы Денсаулық сақтау және Экология министрліктерін келіп жатқан мәліметтерді тексеруді сұрайды. Бұл тұрғыда осы саланы ретке келтіріп, қауіпті медициналық қалдықтарды тасымалдау мен жою талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту керек», – деді М.Қазбекова.
Белгілі болғандай, «Ақ жол» депутаттық фракциясы өз тарапынан заңнамаға тиісті түзетулер енгізу бойынша бастама жасауға дайын.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі